Шаштың түсуі кейбір әйелдер мен ер адамдардың үлкен мәселесі. Шаш неліктен түседі және шаштың түсуі ағзаға қандай дәрумендің жетіспейтіні туралы айтуы мүмкін?
Сау адам үшін бір күнде шаштың белгілі бір мөлшерінің түсуі - қалыпты жағдай. Адамның шашы күніне 100 талшыққа дейін түсуі мүмкін және бұл патология болып саналмайды. Ал егер шаш тым көп түссе, онда оның түсу себебін, яғни ағзада туған не мәселе екенін іздеу керек.
Дәруменнің шаштың түсуіне қандай қатысы бар?
Әрбір шаш тері астындағы шаш фолликуласынан түзіледі. Мұнда шаштың әдемі көрінісіне жауап беретін күрделі биохимиялық процестер жүреді. Дәрумен ағзаға түскеннен кейін фоллукулаларға еніп, жаңа сау және әдемі шаштың өсуіне ықпал етеді. Осылайша дәрумендер жасушалардағы қоректік заттардың алмасуына қатысады, сондықтан олар жетіспесе шаш сынғыш, түтіккен болады, түседі.
Шаштың шамадан тыс түсуі ағзада қандай дәруменнің тапшылығын білдіруі мүмкін?
Шаштың жай-күйіне С, А, F, Е, В8 дәрумендер тобының жетіспеушілігі әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, шаш биотин, йод және мырыштың жетіспеушілігінен де көп түседі. Егер ағзаға Е және В дәрумендерінің, фолий мен никотин қышқылдарының, сондай-ақ магний, кремний, кальцийдің жетіспесе, шаштың өсуінің баяулайды. Ал қайызғақ ағзада В6 (пиридоксин), В12, А, F, биотин жетіспейтіндіктен пайда болады.
Шаштың түсуі басқа себепке де байланысты болуы мүмкін. Ең маңыздысының бірі - гормоналды бұзылу. Бұған, мысалы, ағзада тестостерон гормоны деңгейінің жоғарылауы жатады.
"Қалқанша безі гормоналды фонының бұзылуы шаштың түсуіне әкелуі мүмкін. Бұл гипотиреоз немесе гипертиреоз туралы. Сондай-ақ, шаштың түсуіне өткір инфекциялар, соның ішінде жаңа коронавирустық инфекция себеп болуы мүмкін", - дейді трихолог, дерматолог Елена Агафонова.
Сондай-ақ, шаш қатты күйзеліс, дұрыс емес жасалған күтімге және басқа себептерге байланысты түсуі мүмкін.
Қандай дәрумен шаштың қандай күйіне жауапты?
Шаштың саулығы мен сұлулығына әртүрлі дәрумен мен микроэлементтер жауап береді. Мысалы:
А дәрумені немесе ретинол кератин синтезін белсендіреді - шашты қалыптастырудың негізгі компоненттерінің бірі. Сонымен қатар, ол май өндірісін реттейді, зақымдалған шашты қалпына келтіруге көмектеседі, жылтыр береді және жалпы сау етеді. Ол ақсерке, бауыр, жұмыртқа, май, сәбіз, асқабақ, брокколи, авокадо және т.б. өнімдер құрамында бар. ол денеде жиналады, сондықтан артық болу зиян келтіруі және шаштың түсуіне әкелуі мүмкін.
С дәрумені не аскорбин қышқылы күшті антиоксиданттардың бірі ретінде белгілі. Ол коллаген өндірісіне, бас терісіне пайдалы әсер етеді, фолликулалардың дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі, метаболикалық процестерді және капиллярлардың тонусын жақсартады. С дәрумені цитрус, ананас, итмұрын, тәтті бұрыш, қарақат, ақжелкен, қырыққабат және т. б. құрамында бар.
Е дәрумені - бос радикалдардың деструктивті әсерімен күресетін тағы бір күшті антиоксидант. Е дәрумені шаштың түсуін баяулатады, өсуді тездетеді және фолликулаларға қоректік заттардың түсу процесін жақсартады. Асжапырақ, авокадо, бадам жаңғағы дәруменнің жақсы көзі болып табылады.
Құрғақ тері мен шаш мәселелері F дәруменінің жетіспеушілігін көрсетуі мүмкін.
В8 дәрумені жаңа шаштың өсуін күшейтуге және бұрыннан бар шаштың түсуін азайтуға қабілетті. Сонымен қатар, В8 дәрумені шаштың құрылымына оң әсер етеді, тіпті ақ шаштың пайда болуын тежеуге көмектеседі.
Йод тироксин гормонын қалыптастыру үшін қажет, жүйке жүйесінің қалыпты жұмысы үшін маңызды. Егер адам ағзасында йод жеткілікті болса, ол күшті, жылтыр бұйра шашпен мақтана алады.
Мырыш сау шашқа қажетті негізгі элементтердің бірі. Ол жетіспесе, шаш баяу өсе бастайды, түседі және ақ шаштың ерте пайда болу қаупі бар. Егер сіз осы жетіспеушіліктің орнын толтырсаңыз, шаш тез өседі, серпімді және тегіс болады.
Айта кетейік, бұған дейін босанғаннан кейінгі шаштың түсуін қалай тоқтатуға болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Неліктен күн жүйесіндегі планеталар орбитадан шығып кетпейді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!