Шымкент тұрғыны Орал Өскенова 11 қызды дүниеге әкелген. Бүгінде оның жасы 80-де. Қарт ана жастарға көп баланы қалай жеткізу керегін де айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орал Өскенованың бүгінде 57 немересі, 48 шөбересі бар. Оның сөзінше, марқұм жұбайы "қыз тудың" деп ешқашан ренішін білдірмеген.
"Құдайға шүкір. Үлкені 60-ға келді, 64 жылғы. Ең кенжесі 87 жылғы. Ең үлкен немерем 85 жылғы. Қыздармен жарысып бала туамын деп туа бердім. 10-ды бітіріп, күйеуге шықтық. Шалыма Алла разы болсын. Иманды болып, о дүниесін берсін. Өсірдік, өндірдік, жұмыс істедік. Шалыма рақмет, "сен қыз тудың-ау" деп ренжіген жоқ. Мен ренжісем басатын еді. "Алланың бергені, өйтіп ренжіме" деуші еді. Бәрін өсірді. Абысын-ажындарым "ендігін Қызтумас қой" десе, ренжіп, бәріне жақсы ат берді", - дейді зейнеткер.
Оның сөзінше, 42 жасқа дейін 11 қызды дүниеге әкелген.
"(Баланы өсіріп жеткізу үшін - еск.) еңбек ету керек. Ұстамды болу керек. Балаға жақсы қарау керек", - дейді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз