- Негізгі бет
- LifeStyle
- Сейфуллин Жолбарыс әйелімен...
Сейфуллин Жолбарыс әйелімен ажырасайын деп жатыр ма?
Сейфулллин Жолбарыстың әйелі әлеуметтік желіде жариялаған жазбасымен елді ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атақты әнші Сейфуллин Жолбарыстың әйелі Екатерина Жолбарыс күйеуімен түскен суреттерімен мұңды жазба жариялады. Желі қолданушылары екеуінің ажырасып кеткенін болжап, пікір жазып жатыр.
Екатерина Жолбарыс Tiktok-тағы ресми парақшасына әншімен түскен суреттерін салып: "Жүрегіңді өз қолыңмен кеудеңнен суырғандайсың. Осындай жағдайда да ары қарай өмір сүруге тура келеді екен, - деп жазды әншінің әйелі.
"Ажырасты ма?", "Бәрі бітті ме енді", "Сенгім келмейді. Бақытты болыңыздаршы. Жақсы жұпсыздар", "Не болып қалды екен?" деген пікір жазып жатыр желі қолданушылары.
Еске салайық, Сейфуллин Жолбарыс пен Екатерина Жолбарыс Instagram желісінде бір-біріне жазылмаған және бірге түскен суреттерін өшіріп тастаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева