Бүгін танымал әнші Төреғали Төреәлінің тұңғышының туған күні. Әншінің жұбайы Толқын Тұрарбекқызы қызына жантебірентер жазба арнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші отбасымен бірге қызын туған күнімен құттықтады. Толқын Тұрарбекқызы Каусар әлемді басқа қырынан танытқан ерекшесі екенін атап өткен.
"Үшінші жаңалық. Каусартайымның туған күні бүгін. Бауырлары дайындалып жатыр.
Бүгін көңілім ерекше босайтын күн. Ана атанған күнім. Тұңғышым, әлемнің бүкіл мейірімін жүрегіне сыйдырып алған, қасиетті Каусарымның туған күні. Жүрегімнің қанша қатпары болса, соның бәрі осы қызымның ғұмыры мен күлкісінің риясыз болуын тілейді.
Әлемді басқа қырынан танытқан ерекшем. Сенің табаныңа кірген ине, менің маңдайыма кірсін. Осы қызым үшін қайсар болуға, осы қызым үшін соңына дейін баруға, үлкен күрестегі үлкен жеңісті күнді аңсаумен келе жатқанымды білемін. Алладан үмітім зор. Әрі сол күннің де алыс емес екенін сеземін", - деп жазды ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шаш түскенде қай дәрігерге бару керек?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!