“Сен маған шөбересің“. Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенге ерекше видео жолдады

“Сен маған шөбересің“. Бибігүл Төлегенова Димаш Құдайбергенге ерекше видео жолдады
Фото: Видео кадры

Қазақстанның Халық әртісі Бибігүл Төлегенова әнші Димаш Құдайбергенді туған күнімен құттықтап, ерекше видео жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Айналайын Диматай! Ата-анаңа сен ұлсың, әжеңе немересің. Ал маған сен шөбересің. Сондықтан сенің туған күніңе қуанып, құттықтайын деп отырмын. Денің сау болсын! Бақытты бол! Құдайға шүкір, табысты, абыройлысың. Елге елеулі, халыққа қадірлі азаматсың. Тек тілейтінім - денсаулық, ұзақ өмір. Алла тағалам саған менің жасымды берсін. Жолың ақ болсын! Бүкіл әлемді қазақтың әніне тізе бүктіргенің үшін саған қазақ елі рақметін айтады. ...Қайда жүрсең де бақытты бол, балам", - дейді аңыз әнші видеода.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Svetlana Aitbayeva (@sveta_aitbaeva73)

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 24 мамырда 32 жасқа толды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget