- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Семіздікке және онкологияға...
"Семіздікке және онкологияға әкеледі". Дәрігер ерлерге зиян 5 өнімді атады
Ер адамның денсаулығына көптеген фактор әсер етеді: физикалық белсенділік, өмір салты, тестостерон деңгейін сақтау және үйлесімді тамақтану. Барлық өнім бірдей ер адамға пайдалы емес. Диетолог Татьяна Мещерякова "Известия"-ға ерлердің денсаулығына зиян 5 өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, қажетсіз өнімдердің бірінші тобына соя ақуызының көп мөлшері бар өнімдер жатады. Соя көптеген шұжық өнімдерінде, соялық протеинде (спортшылар белсенді қолданады), соялық сүт және тофуда болады.
"Сояның құрамындағы белсенді фитоэстрогендер эстроген (әйелдер типі пішінінің қалыптасуына жауап беретін гормон) бөлінуіне ықпал етеді. Бұл жыныстық гормондар тепе-теңдігінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Ақуызды тек соядан алудың қажеті жоқ. Оның орнына рационды оған ет, балық, сүзбе қосып түрлендірген жөн", - дейді дәрігер.
Екінші топ – алкоголь, әсіресе сыра. Сыра құрамындағы үгітілген ашытқы мен құлмақ (хмель) та фитоэстрогенге жатады. Олар зат алмасу процесін бұзып, әйел типі бойынша семіздік тудыруы мүмкін.
"Сыра сусындарын ішу ерлердің ішіне және беліне май жиналуына ықпал етеді. Мысалы, ерлердің белінің көлемі 94 см-ден артық болмауы керек. 94 см-ден 102 см-ге дейінгі көлем денсаулықтағы ауытқуды және артық салмаққа бейімділікті көрсетеді. Егер бел көлемі 102 см-ден артық болса, бұл висцералды семіздік, жүрек-қан тамырлар аурулары және онкологиямен байланысты жоғары қауіпті білдіреді", - дейді Татьяна Мещерякова.
Маман тәтті газдалған сусындардан бас тартуға кеңес берді.
"Үшінші топ – тәтті газдалған сусындар. Олар ерлердің де, әйелдердің рационында болмауы керек. Газдалған сусындарды ішу денсаулыққа жағымсыз әсер етеді, минералды зат алмасуды және тотықтырғыш-қалпына келтіруші процестерді бұзады. Газдалған сусындарды көп ішу микроэлементтердің жетіспеуішілігіне әкеледі. Ал ол қимыл-тірек аппараты жұмысының бұзылуына және жүрек-қан тамырлар мен жүйке жүйесінің дисфункциясына әкеледі", - дейді диетолог.
Абай болу керек тағы бір өнімге тауық еті жатады. Тауық еті диеталық өнімге жатады, себебі оның құрамында май аз, ақуыз көп. Бірақ оны көп жеуге болмайды.
"Құсты өсірудің өндірістік технологиясында ынталандырғыштар мен өсу гормондары қолданылады. Жиі спортпен айналысатын ерлер тауық етін өте көп жейді. Бірақ ақуызды сондай-ақ еттің басқа да сұрыптарынан, балықтан, теңіз өнімдерінен, жұмыртқадан, сүзбеден және өсімдік ақуыздарынан алған дұрыс. Егер тауық етін көп жеу керек болса, оны сенімді өндірушіден ғана алыңыз", - деп түсіндірді маман.
Ұсынылмайтын өнімдердің бесінші тобына ерлер көп жейтін қуырылған ет пен кәуәп кіреді.
"Мұндай ет канцерогенді қасиетке ие. Бұл түрлі онкологияның даму қаупін тудырады. Ең дұрысы - етті жұқалтырға орап пісіру және қызыл етті жеу мөлшерін (аптасына 500 г-нан көп емес) сақтау", - деп кеңес берді диетолог.
Оқи отырыңыз: Ерлерде тестостерон аз екенін көрсететін 10 белгі
А. Жапатова