Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов зәулім үйін көрсетіп, желі қолданушыларының қызығушылығын тудырды. Алматы маңындағы таулы аймақта орналасқан бұл сән-салтанатты вилла аумағы 2 мың шаршы метрден асады. Ал үй орналасқан жердің жалпы көлемі - 4 гектар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зәулім үйдің интерьері ерекше безендірілген. Әрлеу жұмыстарына жылтыр мәрмәр қолданылған, ал бөлмелер қымбат жиһаздармен жабдықталған.
Видеода Баян Алагөзова естеліктердің бірін бөлісті. Оның айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын алғашқы кездесуде болашақ жары гүл емес, бірден қолтырауын терісінен жасалған Hermès сөмкесін сыйлаған.
Үйдің ішінде жеке хауыз, жаттығу залы, киіз үй, тіпті үй жануарларына арналған арнайы бөлме де бар. Баян Мақсатқызы күйеуінен сегіз қанатты киіз үй салып беруін сұраған.
"Мұның бәрін әйелім үшін істедім", – деді Тұрсын Алагөзов.
Желі қолданушылары бұл жұптың қарым-қатынасына, бір-біріне деген сыйластығына тәнті болған. Пікір жазғандардың көбі кәсіпкердің жарына деген қамқорлығын жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.
"Ер жігіттің белгісі – түзде мырза, үйде құл. Қандай мықты азамат, жұмысында да, үйде де", "Менің қыздарыма осындай күйеу бала жолықсын, жаны таза, қолы ашық, мейірімді жан бұйырсын", "Әйелін ойлаған еркек одан сайын бай болады. Бақыт пен денсаулық тілеймін", – деп желідегілер ақжарма тілектерін жаудырған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!