Саяхатшы-блогер Әсет Мурзабаев Арал теңізіне барып, жергілікті тұрғындардың арасында кең тараған тағам - түйе етінен дайындалған асты жеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Белгілі қазақстандық блогер өткен аптада Қызылордаға, содан соң Арал теңізіне барды. Ол өзінің инстаграм-парақшасында түйе етінен дайындалған асты бірінші рет жеп көргенін айтты.
"Мен балықтан дайындалатын фишбармақ, тауықтан дайындалатын бешбармақ, етсіз бешбармақты да жеп көрдім, бірақ бұл мен үшін жаңа тағам. Арал теңізінде бізге түйеден дайындалған бешбармақ берді. Бұл маған фишбармаққа қарағанда көбірек ұнады. Түйенің еті сәл қаттылау, бірақ дәмді екен. Бірақ менде бірінші орында - қазымен дайындалатын шығыстың бешбармағы", - деді ол видеода.
Блогер етпен бірге түйенің сүті - шұбатты да ішті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!