Сәуір болмай, тәуір болмас: көкек айының басында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 30 наурызға, 1, 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы жерлерінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Кейбір кезде батыста нөсер болжанып отыр. Сондай-ақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Күндізгі ауа температурасы:

  • солтүстік-батыста +17…+26 градус,
  • солтүстікте +13…+20 градус,
  • орталықта +12…+23 градус,
  • шығыста +5…+22 градус,
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыста +23…+32 градус болады,
  • ал батыста +20…+25 градустан +13…+20 градусқа дейін төмендейді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!