Қазгидромет 30 наурызға, 1, 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік облыстардың таулы жерлерінде атмосфералық фронттар өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Кейбір кезде батыста нөсер болжанып отыр. Сондай-ақ, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Күндізгі ауа температурасы:
- солтүстік-батыста +17…+26 градус,
- солтүстікте +13…+20 градус,
- орталықта +12…+23 градус,
- шығыста +5…+22 градус,
- оңтүстік және оңтүстік-шығыста +23…+32 градус болады,
- ал батыста +20…+25 градустан +13…+20 градусқа дейін төмендейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова