Адамның түнде дәретханаға барғысы келуі қалыпты ма? Дәрігерлердің айтуынша, бұл сіздің жасыңызға және қаншалықты жиі баратыныңызға байланысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Түнде дәретханаға жиі барудың кей себептерінен өздігінен арылу оңай. Медбике Давина Ридчарсонның айтуынша, кейде бұл проблеманы шешу үшін кешке алкоголь немесе басқа да сусындардың мөлшерін азайту және күні бойы құрамында кофеині бар сусындарды аз ішу жеткілікті.
Егер түнде дәретханаға бару үшін оянатын болсаңыз, соңғы стақан суды әдеттегіден ерте ішуге тырысыңыз: мысалы, 22.00-де емес, 20.00-де.
Алайда егер дәретханаға жиі баратын болсаңыз, бұл ауру белгісі болуы мүмкін: зәр шығару жолдарының инфекцияларынан бастап қант диабеті, гипертония, қуықасты безі обыры немесе жүрек ауруларына дейін.
Қарттар түнде дәретханаға жиі барады
Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мамандарының айтуынша, егер сіз 60 жасқа толмаған болсаңыз, түнде бір рет дәретханаға бару қалыпты жағдай.
Ал 70 жастан асқан адамдар үшін түнде дәретханаға екі рет бару қалыпты жағдай. 90 жасқа толған кезде бұл сан төрт есеге дейін артуы мүмкін.
Неліктен адам қартайған сайын түнде дәретханаға жиі барады? Жас ұлғая келе ағза антидиурездік гормонды аз бөледі. Бұл гормон ол ұсталған судың мөлшерін реттейді және сусызданудың алдын алуға көмектеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова