- Негізгі бет
- LifeStyle
- Сарапшы пікірі: Беріліс...
Сарапшы пікірі: Беріліс қорабын жүріп келе жатып артқы бағытқа ауыстырса не болады?
Көлікпен жүйткіп келе жатып кездейсоқ (немесе қасақана) артқы берілісті қосып қалса не болады? Бұл сұраққа авто сарапшы Николай Кириенко жауап берді,- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Маманның айтуынша артқы берілісті қозғалыс кезінде қосу қолмен беріліс қорабында да, автоматты беріліс қорабында да мүмкін. Алайда, мұның салдары әркелкі болады.
Темір тұлпары механикалық беріліс қорабымен жүретін жүргізуші іліністі (сцепление) басқан сәтте қорап пен қозғалтқыштың ажырайтындай етіп жасалған. Яғни, қозғалтқыштан шығатын бастапқы біліктің айналу жылдамдығы теңестіріледі. Осыған байланысты бастапқы және қайталама біліктердің айналу жылдамдығы біркелкі болып, автокөлік жүргізушісі редуторды, яғни беріліс қорабының бағытын өзгерте алады.
"Егер қатты жылдамдықпен келе жатсаңыз айналу жылдамдығын теңестіру мүмкін емес. Алайда күшпен "R" батырмасына қойсаңыз көліктің артқы жетегі кері бағытқа айналады. Ақыр соңында мұндай әрекет ішкі зақымға әкеледі. Ілінісу дискісін, бастапқы біліктің сплайндарын тегістеу, беріліс тістерін сындыруға алып келеді. Нәтижесінде беріліс қорабы істен шығып, жүргізуші көлікке ие бола алмай қалуы әбден мүмкін, - дейді Николай Кириенко. "
pixabay
Ал автоматты беріліс қорабы орнатылған машиналарда бәрі әлдеқайда қарапайым. Артқы беріліс жәй ғана қосылмайды. Тұтқаны "R" күйіне ауыстыру мүмкін, алайда машинаның "миы" бұл команданы блоктайды және ол туралы сигналды беріліс қорабына жібермейді.
"Кейбір модельдерде селектордың орнын артқы беріліске ауыстыру мүмкін болмайды. Электронды жүйе мұндай қозғалысты жай ғана блоктайды. Қалай болғанда да, жүргізуші толық тоқтап, тежегіш педаль басылған кезде ғана артқа қарай жүре алады, - деп түйіндеді ол."
Темір тұлпарыңыз сізге ұзақ қызмет етсін десеңіз мұндай ерсі әрекетке тәуекел жасаудың қажеті жоқ. Сақтансаң сақтайды...
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов