Унитаздың суын ағызатын кезде қақпағын жабу керек. Мұның қаншалық маңызды екенін санитарлық техника бойынша сарапшы Элеонора Поттер түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егер унитаздың суын ағызатын кезде оның қақпағы ашық қалса, сыртқа шашыраған судан патогендік бактерия тарайды. Микробтар сүлгі, үстел беті, тіпті тіс щеткаларына қонады.
2019 жылы Корк университеті колледжінің ғалымдары унитаздың суын ағызатын кезде оның қақпағын жабу мұндай ауыр патогендердің таралуын 30-60 пайызға төмендететінін анықтады.
"Көпшілік дәретханада жіберетін қателікті түзету оның гигиена мен денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Бұл маңызды болып көрінбегенімен, үйдегі микроб пен инфекциялардың таралуын азайту үшін шешуші рөл атқарады", - деді маман.
Айта кетейік, бұған дейін қоғамдық дәретханада жұқтырып алу қаупі бар аурулар белгілі болғаны хабарланған болатын.
Сарапшылар дәретханада ауру жұқтырып алмау үшін не істеу керегін түсіндірді:
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза - 2024. Тамақтың дәмін көру оразаны бұза ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!