- Негізгі бет
- LifeStyle
- Сарапшы неліктен унитаз...
Сарапшы неліктен унитаз қақпағын ашық қалдыруға болмайтынын түсіндірді
Унитаздың суын ағызатын кезде қақпағын жабу керек. Мұның қаншалық маңызды екенін санитарлық техника бойынша сарапшы Элеонора Поттер түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Егер унитаздың суын ағызатын кезде оның қақпағы ашық қалса, сыртқа шашыраған судан патогендік бактерия тарайды. Микробтар сүлгі, үстел беті, тіпті тіс щеткаларына қонады.
2019 жылы Корк университеті колледжінің ғалымдары унитаздың суын ағызатын кезде оның қақпағын жабу мұндай ауыр патогендердің таралуын 30-60 пайызға төмендететінін анықтады.
"Көпшілік дәретханада жіберетін қателікті түзету оның гигиена мен денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Бұл маңызды болып көрінбегенімен, үйдегі микроб пен инфекциялардың таралуын азайту үшін шешуші рөл атқарады", - деді маман.
Айта кетейік, бұған дейін қоғамдық дәретханада жұқтырып алу қаупі бар аурулар белгілі болғаны хабарланған болатын.
- Ішек таяқшасы - инфекция қоздырғыш;
- Сальмонелла - сальмонеллеза қоздырғышы;
- Стафилококки - қабынудың себебі;
- Жұқпалы жыныс аурулары.
Сарапшылар дәретханада ауру жұқтырып алмау үшін не істеу керегін түсіндірді:
- Ешқашан сөмкеңізді еденге қоймаңыз, себебі ол жерде бактерия көп;
- Кабина қабырғасын ұстамаңыз, ол жерде де бактерия жетерлік;
- Суды жіберерден бұрын унитаздың қақпағын жауып қойған дұрыс;
- Соңында міндетті түрде қолыңызды жуыңыз.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза - 2024. Тамақтың дәмін көру оразаны бұза ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә