Сандық этикет: Интернетте жіберетін 5 қателік

Сандық этикет: Интернетте жіберетін 5 қателік
Фото: freepik.com

Дыбыстық хабарламалар, амандасусыз әңгіме бастау, кенеттен қоңырау шалу кей адамдардың ашуына тиюі мүмкін. Өзгенің уақыты мен кеңістігін сыйлау кез келген қарым-қатынастың басты қағидасы. Бүгін интернетте хабарлама алмасу барысында жіберетін 10 қателікті атайтын боламыз.

1.Ескертусіз хабарласу:
Мессенджерлердің жетілуімен қоңыраулардың өзектілігі азайды. Сол себепті қоңырау шалмастан бұрын ескерткеніңіз абзал.  Өйткені, телефонның ар жағындағы адам жиналыста отыруы, жолда болуы мүмкін. Егер тығыз шаруа болса, "ескертусіз хабарласқаным үшін кешірім сұраймын" барып, өз әңгімеңізді айтсаңыз болады.   

2.Сөйлемді сөзге жіктеп жазу:
Бірінен соң бірі келетін хабарлама туралы хабарландыру кез келген адамның ашуына тиетіні анық. Хабарлама барысында ойыңызды жинақтап, 1-2 хабарлама етіп жіберіңіз. Кей мессенджерлерді белгілі бір сөздерді курсивке, не белгілеу қызметтері бар. 

3.Нөмір, мекенжайды скриншот арқылы жіберу:
Сан, тұрғылықты мекенжайды мәтін ретінде жібергеніңіз абзал. Біріншіден, әңгімелесуші адам қайта теру үшін уақыт жоғалтады. Одан бөлек, оның қате жазуы әбден мүмкін. Егер байланыс нөмірімен бөліскіңіз келсе, оны көшіріп, мәтін ретінде жіберіңіз немесе кей мессенджерлерде телефонда сақтаулы нөмірлерді бөлісу қызметі бар.

4.Ортақ чатқа дыбысты хабарлама жіберу:
Дыбысты хабарламалар мәтінді хабарламаларға қарағанда екі есе уақыт алады. Одан бөлек, дыбысты хабарлама тек жіберуші үшін ғана тиімді. Ал тыңдаушының уақытын, энергиясын алады. Оның үстіне оны тыңдау кез келген жерде мүмкін емес. Іскерлік хабарламаларда аудио мүлде қолданбаған жөн. Бұл формат тек достар, жақын жандара арасында ғана ыңғайлы. 

5.Жұмыс уақытынан тыс жазу, қоңырау шалу:
Егер тығыз мәселе болмаса, адамды оның жеке уақытында мазаламауға тырысыңыз. Дұрысы оның қай уақыт сізбен тілдесе алатынын алдын ала біліп алыңыз. 

Интернетте өмір секілді. Ол жерде де адамның жеке кеңістігі болады. Оған қол сұққан жағдайда, адамдар бір-бірінен еріксіз алыстай бастайды. Тепе-теңдікті сақтап қалу үшін сандық этиканы бір шолып шығыңыз. 

Т. Есқали