Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамда қызу талқыланып жатқан Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдіріп, марқұм Салтанат Нүкенованы есіне алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер зорлық-зомбылық, азаптау мен адам өлтіруді ешқандай себеп ақтап ала алмайтынын жазған.
"Ең қорқыныштысы және сұмдығы, қоғамда кісі өлтіру дерегіне қарағанда бұрынғы қарым-қатынас әлдеқайда маңызды болып отыр. Қоғамның бір бөлігі Салтанаттың өзін кінәлі деп санайды, қалайша? Ештеңе де, ешқашан да зорлық-зомбылық, азаптау мен адам өлтіруді ақтай алмайды. Болып жатқан жағдайдың бәріне қарап, жаным ауырады. Салтанат баршамызды кешір, жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды продюсер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алматыда неге өрік гүлдемей жатыр?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!