- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Салтанаттың өзі кінәлі"....
"Салтанаттың өзі кінәлі". Баян Мақсатқызы Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдірді
Танымал продюсер, актриса Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қоғамда қызу талқыланып жатқан Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдіріп, марқұм Салтанат Нүкенованы есіне алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Продюсер зорлық-зомбылық, азаптау мен адам өлтіруді ешқандай себеп ақтап ала алмайтынын жазған.
"Ең қорқыныштысы және сұмдығы, қоғамда кісі өлтіру дерегіне қарағанда бұрынғы қарым-қатынас әлдеқайда маңызды болып отыр. Қоғамның бір бөлігі Салтанаттың өзін кінәлі деп санайды, қалайша? Ештеңе де, ешқашан да зорлық-зомбылық, азаптау мен адам өлтіруді ақтай алмайды. Болып жатқан жағдайдың бәріне қарап, жаным ауырады. Салтанат баршамызды кешір, жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазды продюсер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алматыда неге өрік гүлдемей жатыр?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә