"Сахнаға шықпай кетсем де тек тойда жүріппін". Нұржан Қалжан гонорары қанша екенін айтты

"Сахнаға шықпай кетсем де тек тойда жүріппін". Нұржан Қалжан гонорары қанша екенін айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Нұржан Қалжан "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында гонорары қанша екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің сөзінше, сахнадан көрінбеген кездерінде де тойда өнер көрсеткен.

"Шүкір, "ел іші өнер кеніші" дейді ғой. Сол бекер дүние емес. Қазағымыздың тойы, өнерді сүйетін тыңдарманы мені өлтірген жоқ. 10 жыл сахнаға шықпай кетсем де 10 жылдың ішінде, қазір ойланып қарасам, тек тойда жүріппін. Тойдан қалған жоқпын. Менің гонорарым Алматының ішінде қымбат емес деп ойлаймын. 200 мың теңге, 150 мың теңге, сол жобаларда. 3-4 ән, той көңілді өтсе, 4-5 өлең айтамыз", - дейді ол.

Тағы да оқи отырыңыздар: Блогерлер қанша ақша табады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова