Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева 50 жылдық шығармашылық кешінен кейінгі жоспарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Сахнадан уақытында кеткен дұрыс деп ойлаймын. Мен де 50 жылдық шығармашылық кешімнен кейін сахнамен қоштасуды жоспарлап жүрмін. Денсаулық сыр беріп, жас ұлғайғанда халық алдында жүруді дұрыс санамаймын. Уақытында кетсең, көрерменнің жадында жақсы бейнеңмен қаласың", - деді әнші.
Еске салайық, бұған дейін де Роза Рымбаева "сахнадан кетуіңіз мүмкін бе?" деген сауалға жауап берген еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!