Сағыздың зияны қандай? Дәрігер жауап берді

Сағыздың зияны қандай? Дәрігер жауап берді
Фото: depositphotos.com

Сағызды көпшілік тоқ басу үшін немесе тамақтан кейін ауыз қуысын тазалау мақсатында қолданады. Алайда сағыздың адам денсаулығына әсері біржақты емес. Дұрыс қолданылған жағдайда ол пайдалы құралға айналса, шамадан тыс және бейберекет пайдалану түрлі жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап. 

Стоматолог мамандардың пікірінше, қантсыз, ксилитті сағыз ауыз қуысының гигиенасына көмектеседі. Сондай-ақ сілекей бөлінуін арттырып, тіс араларындағы тағам қалдықтарын тазалауға, ауыздағы жағымсыз иісті азайтуға ықпал етеді. Ксилит бактериялардың көбеюін тежеп, тісжегінің алдын алуға көмектесетін табиғи зат ретінде саналады.

Алайда сағызды ұзақ уақыт және үздіксіз шайнау асқазан сөлінің шамадан тыс бөлінуіне әкелуі мүмкін. Бұл әсіресе асқазан-ішек жолы аурулары бар адамдар үшін қауіпті. Сонымен қатар жақ бұлшықеттеріне артық салмақ түсіп, бас ауруы мен жақ буындарының ауырсынуына себеп болуы ықтимал.

Дұрыс қолдану ережелері:

  • тек қантсыз, ксилит қосылған сағызды таңдау;
  • тамақтан кейін 5–10 минуттан артық шайнамау;
  • аш қарынға сағыз шайнамау;
  • күні бойы үздіксіз қолдануды әдетке айналдырмау.

Қантты сағыздың зияны:

  • тіс эмалін бұзады;
  • кариес қаупін арттырады;
  • ауыз қуысындағы бактериялардың көбеюіне жағдай жасайды.

Сағыздың небәрі ауыз қуысының тазалығына көмектесетін қосымша құрал ғана екенін естен шығармаңыз. Ол тіс щеткасы мен тіс жібін алмастырмайды. Пайдасы болуы үшін ең бастысы – дұрыс таңдау, мөлшер және мәдениетті қолдану.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget