Жансая Махабаева есімді блогер танымал продюсер Баян Мақсатқызының бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты.
"Баян Алагөзованың мына образы қанша тұрады деп ойлайсыздар?
Әдеттегідей киімінен бастайық, мына күртесі Prada брендінен - 925 мың теңге тұрады.
Ішкөйлегі де осы брендтен - 425 мың теңге.
Туфлиі Баян Мақсатқызының ең сүйікті Jimmy Choo брендінен - 800 мың теңге.
Сөмкесі Сhanel брендінен - 2 миллион 800 мың теңге.
Көзілдірігі Louis Vuitto брендінен - 280 мың теңге.Әшекейлеріне көшейік.
Алқалары Van Cleef брендінің Alhambra топтамасынан. Әрине, алтын мен гауһар тастармен апталған, бір мотивімен - 4 миллион 600 мың теңге. Ал 16 мотивімен - 18 миллион 700 теңге тұрады.
Білезігі Cartier брендінің Juste un Clou топтамасынан - 7 миллион 350 мың теңге.
Сағаты Cartier брендінен - 23 миллион 350 мың теңге.
Сақинасы Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, 3 рет оралған жылан пішінінде, толық гауһар тастармен көмкерілген - 9 миллион теңге.Сонымен, барлығы - 68 миллион 230 мың теңге", - дейді блогер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Анаға туған күнге арналған әдемі тілектер
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз