- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Сағаты - 8...
"Сағаты - 8 миллион, сақинасы - 1,3 миллион теңге". Ерке Есмаханның бір күндік образы қанша тұрады?
Жансая Махабаева есімді блогер танымал әнші Ерке Есмаханның бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты.
"Ерке Есмаханның мына образы қанша тұрады деп ойлайсыздар? Мен қазір сіздерге айтып беремін.
Қызғылт түсті пәлтесі корейлік Papermoon брендінен - 250 мың теңге.
Ал мына қызыл түсті сөмкесі мен туфлиі Prada брендінен. Сөмкесі - 700 мың теңге, ал туфлиі - 500 мың теңге. Бір-бірімен өте керемет үйлесіп тұр.
Енді ең қызық жерін айтып берейін, бұл - әшекей-бұйымдар.
Мына сақина Cartier love брендінен - 750 мың теңге, екінші сақинасы Cartier clash - 1,3 миллион теңге.
Келесі маған өте қатты ұнап тұрған сақина Bulgari брендінен. Екі рет оралған жылан пішініндегі гауһар тастарымен - 3 миллион теңге тұрады.
Ал сағаты Panthère de Cartier топтамасынан. Толықтай алтыннан жасалып, гауһар тастармен апталған - 8 миллион теңге шамасында.
Соңғы бұйым Bulgari браслеті, бүкіл әлем бойынша сатылып кеткен, бағасы - 350 мың теңге.
Сонымен, барлығы - 14 миллион 850 мың теңге.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: ИП қалай ашады?
Кезекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә