Садраддиннің сахнадағы киімі сынға қалды: дизайнер жауап берді

Садраддиннің сахнадағы киімі сынға қалды: дизайнер жауап берді
Фото: ЖИ

Әлеуметтік желіде әнші Садраддин Болаттың жаңа сахналық образы қызу талқыланып жатыр. Образдың авторы, Arunaz Atelier брендінің негізін қалаушы Назым Қарпықова сынға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana TV-ға сілтеме жасап. 

Образ екі күнде дайындалған

Дизайнердің айтуынша, сахналық киімді әзірлеуге небәрі екі күн уақыт берілген. Алдымен бірнеше эскиз жасалып, олардың ішінен Садраддин мен оның командасына ұнаған нұсқа таңдалған. Кейін дизайнерлер аз уақыт ішінде образды толық дайындап шыққан. Назым Қарпықованың сөзінше, киімдегі басты бөлшектердің бірі – сауыт секілді корсет. Оны әзірлеу үшін шеберлерге түні бойы жұмыс істеуге тура келген.

"Екі күннің ішінде тігіп үлгердік. Үстіндегі корсетті шеберіміз ұйықтамай жасап шықты. Садраддинді заманауи батыр ретінде көрсеткіміз келді. Жаңа стиль көпшілікке ұнады, бірақ сынап жатқандар да бар. Өзіме қатты ұнады", – деді дизайнер.

Негізгі идея қандай?

Назым Қарпықованың айтуынша, мақсат дәстүрлі батыр бейнесін сол күйінде қайталау болмаған.

Дизайнерлер ұлттық сарын мен заманауи сахналық сәнді үйлестіріп, батыр образын жаңаша жеткізуге тырысқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget