- Негізгі бет
- LifeStyle
- Садақа берудің 10...
Садақа берудің 10 пайдасы
Фото:
pixabay.com
Садақа – қайырымдылық істердің бастауы. Садақа берудің адам үшін пайдасы мен сауабы мол. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. ҚМДБ ресми сайтындағы ақпараттарға сүйене отырып, Massaget.kz садақа берудің 10 пайдасын ұсынады.
Жасалатын жақсы ісіңіз садақа болуы үшін ол діни тұрғыдан үш ерекшелікке ие болуы керек:
- Мұқтаж жанға беру;
- Алла разылығы үшін берілуі;
- Берілген садақа өз мүлкінен, адал табысынан болуы тиіс.
Садақа берудің осы дүниедегі 5 пайдасы:
- Мал-дүниені тазартады;
- Күнәларды өшіреді;
- Ауру мен апаттан сақтайды;
- Мұқтаж жанды қуантады;
- Ризықты арттырып, табысқа берекесін береді.
Садақаның ақыреттегі 5 пайдасы:
- Қияметтің үрейінен сақтап, көлеңке болады;
- Тозақтан құтқарады;
- Таразыда сауабы басым болады;
- Сырат көпірінен өтуі оңай болмақ;
- Дүниесінің есебін беруде жеңіл болмақ.
Қара бетперде таққан жігіт қарындасының еміне ақша жинаған 13 жастағы баланың отбасына пәтер сыйлады
А. Жапатова