Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген журналист Асхат Садырбайға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дина Төлепберген инстаграм-парақшасында оқырмандар жиі қоятын "Асхат Садырбайды неге "Астарлы ақиқаттан" алып тастамайсыз" деген сұраққа жауап берді.
"2024 жылдың қаңтарында мен жүргізушілікті тоқтаттым. Менің орныма Бердімұрат Хасен келді. Оны өзім ұсындым. Мамырға дейін бағдарламаның өндірісіне менің компаниям жауап берді. Маусымда бүкіл командаммен жобадан кеттік. Түсінікті болу үшін "Астарлы ақиқатты" көлікке теңесем, мен оны айдадым, жөндедім, жолға шығардым. Бірақ бір күні кілтті иесіне тапсырдым. Одан кейін ол көлікті кім жүргізетінін мен шешпеймін. Мен өз бағытыммен жүрмін. Мен адамды оның жеке өмірінен бөліп қарай алмайды екенмін. Себебі адам - тұтас. Ісі мен сөзі бір жерден шықпаса - ол жалған. Жұмыс пен өмір екі бөлек болса - ол алдау", - деп жазды Дина Төлепберген.
Еске салайық, тележурналист Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы бұрынғы күйеуінің сұмдық әрекеттерін айтып, халықтан көмек сұраған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова