Руслан Өтепбай 17 жыл бойы құлдықта болған апалы-сіңлінің қазіргі жағдайын көрсетті

Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған апалы-сіңлі Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайын көрсетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист апалы-сіңлі қыздармен бірге фотосессия ұйымдастырған. 

"Бізге келгенде қыздар қандай еді? Бір жылда қалай өзгерді? Құндыз бен Назгүлдің өзгерісіне баға беріп жіберіңіздерші.
Күтім мен жылықабақ болса, жайқалмайтын қыз жоқ бұл әлемде…" – деп жазды тележүргізуші.

Еске салайық, былтыр Түркістан облысында апалы-сіңлі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болғаны хабарланған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасында айтқан.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!