Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева Астанада 50 жылдық есеп беру концертін өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші барша көрерменге шынайы ризашылығын білдірді.
"Сахнада 50 жыл" атты Қазақстан бойынша гастрольдік тур елордамыз Астанада өз мәресіне жетті. Осы ұмытылмас концерттердің өтуіне қолдау көрсеткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, мемлекетке және барша жанашыр жанға шынайы алғысымды білдіремін. Музыкаға, көрерменнің ыстық ықыласына толы бұл кештер жүрегімде мәңгі сақталады. Барша көрерменге мың алғыс! Келесі кездескенше!" - деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, кеш барысында әнші немересі Зейінді, отбасын сахнаға алып шыққан.
"Зейіннің Алматыдағы концертте бата бергені, кешегі Астанадағы үлкен сахнаға шығып, тақпақ оқуы - бір ерекше керемет. Алла тағала ұлдарыңыздың басына бақ берсін. Тіл-көзден сақтасын!" - деді жылы көрініске әсерленген желі қолданушыларының бірі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева 50 жылдық шығармашылық кешінен кейінгі жоспарын бөліскен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова