Танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Екі апта ем алып, енді жазылып жатырмыз, тәуба! Бұрын өкпенің бұлай ауырғанын кім көрген?! Денсаулықтың қадірін білмейді екенбіз", - деп жазды танымал әнші.
Әнші алда ән сапарлар мен жаңа альбомдар болатынын айтып, оқырмандарын бір қуантып қойды.
Еске салайық, жақында танымал әнші Роза Әлқожа алғаш рет немерелі болды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова