- Негізгі бет
- LifeStyle
- Режиссер Қуаныш Бейсек...
Режиссер Қуаныш Бейсек ел арасында әйеліне қатысты айтылып жүрген пікірлерге жауап берді
"Ирина Қайратовна" тобы бейнеклиптерінің бас режиссері болған Қуаныш Бейсек ел арасында әйеліне қатысты айтылып жүрген пікірлерге жауап берді. Бұл туралы ол "Замандас" подкастында берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Режиссер биыл актриса Ғазиза-Таңшолпан Тілеубаймен шақырақ көтерген болатын. Актрисаның бірінші некесінен ұлы бар. Қуаныш Бейсек ел арасында баласы бар әйелге үйленуге қатысты айтылып жүрген стереотипке қатысты ойын айтты.
"Бұған үзілді-кесілді қарсымын деп айтпайын. Жоқ мен мұны жаман деп санамаймын. Мен адамды жақсы көремін. Кейбіреулер ондай адаммен бірге бола алмайтын шығар, ал мен оған қарамаймын. Анам да қарсы болмады. Ол тек ол қызбен ұзақырақ араласып көруді ұсынды. "Бір біріңді таныңдар" деп айтты. Батасын берді", - дейді Қуаныш Бейсек.
Режиссер үйленгеннен кейін өздері туралы түрлі пікір жазылғанын айтты.
"Пікірлерде жазған, бірнәрсе "с прицепом". Сосын гуглдан қарадым, сондай тіркес бар екен. Сұмдық. Неге адамдар үйінде отырып біреудің өмірі туралы айтып, оған баға береді.
Бұл туралы не айтамын. Бұл қалыпты жағдай. Адамдар қателеседі. Өзіне өмірлік жұп таңдайды, бір біріне сәйкес келмегенін түсінеді. Бұл - бірінші күйеуі не әйелі жаман болды деген сөз емес. Олардың махаббатының мұрасы олардың баласы", - дейді режиссер.
Сондай-ақ, ол баланың алдында жауапкершілігі барын айтты.
"Бірақ "мен әке боламын" деп толық жауапкершілікті алып алмаймын, ондай жоқ. Баланың өз әкесі бар, олардың қарым-қатынасы жақсы. Менің міндетім, бізбен жайлы тұруға жағдай жасау. Ол қалаған уақытта анасына, әкесіне келе алуына жағдай жасау. Ол өзіне қысымды сезбеуі керек.
Қазір қарым-қатынас құру біраз қиындау. Мен Алматыда тұрамын, әкесі де Алматыда. Бала келген уақытта бірден әкесі алып кетеді. Онымен жақын сөйлесе алмай жүрмін. Бірақ бұл уақытша. Ұзақ әрі жақсы қарым-қатынас құруды қалаймын. Мен балаларды жақсы көремін. Мен оларды бөлмеймін", - дейді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан