Рамазан 2026: тіс қанаса, ораза бұзыла ма?

Тіс қанаса, ораза бұзыла ма? Бұл сауалға ҚМДБ өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚМДБ не дейді?

"Бұл тістен аққан қанның аз не көп мөлшеріне байланысты қаралады. Көп мөлшерде қан ағып, оны байқамай жұтып қойса, ораза бұзылады. Кейін сол күннің қазасын өтейді. Қан аз мөлшерде шыққан болса, оразаны бұзбайды", - деп жазылған хабарламада.

2026 жылы Ораза қашан басталады?

2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бірақ пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа ай көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескерткен болатын. 

ҚМДБ

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!