Рамазан 2026: оразада спортпен айналысуға бола ма?

Рамазан 2026: оразада спортпен айналысуға бола ма?
Фото: depositphotos.com

Оразада спортпен айналысуға бола ма? Бұл сауалға дәрігер жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Алматы қалалық №36 емхананың дәрігері Мөлдір Әлімбаева Рамазан айында ауыз бекіткен адамдар спортпен қалай дұрыс айналысуы керек екенін айтқан еді. Дәрігердің сөзінше, ораза кезінде бірқалыпты физикалық белсенділік денсаулыққа оң әсер етеді. Дегенмен әр адам әртүрлі екенін есте ұстаған жөн, сондықтан ораза кезінде жаттығуды бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп алған артық етпейді.

"Ораза кезінде бірқалыпты спорт түрін таңдауды ұсынамын. Қарқынды жаттығулардан аулақ болған дұрыс. Оның орнына йога, пилатес, жүру немесе таза ауадағы жаттығуларға артықшылық беру керек. Өзіңізді шамадан тыс қинамауыңыз қажет. Жаттығу арасында демалыс жасап отыру керек. Қатты терлемеген дұрыс. Ауыз ашқан соң жеткілікті мөлшерде су ішу маңызды. Қандай да бір ыңғайсыздық немесе әлсіздік сезінсеңіз, жаттығуды дереу тоқтатыңыз", - деді дәрігер.

Ораза туралы

Ораза - мұсылмандар үшін маңызды құлшылықтың бірі. Ол - тек ас-судан тыйылу емес, рухани кемелденіп, сабыр сақтап, өзін-өзі тәрбиелейтін ерекше ғибадат.

Бұрын ораза ұстап көрмесеңіз, бірден кірісу қиын болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді біртіндеп дайындау қажет.

  • Тамақтану режимін реттеңіз, таңғы және кешкі асты уақтылы ішіп үйреніңіз. Ораза басталғанға дейін бірнеше күн бір уақытта тамақтанып, ауыз бекітуге дағдыланыңыз.
  • Оразада дұрыс тамақтану маңызды. Сәресіде күрделі көмірсу (ботқа, қара нан, көкөністер), ақуызға (жұмыртқа, ет, сүзбе) бай тамақтарды жеп, су ішкен жөн. Ал ауызашарда асқазанға салмақ түсірмеу үшін жеңіл тамақтардан бастау керек (сүт өнімдері, құрма, сорпа). Дұрыс тамақтану сіздің қуатыңызды сақтауға және күні бойы өзіңізді сергек сезінуге көмектеседі.
  • Бастапқыда қиындық сезінсеңіз, өзіңізді қинамаңыз, бастысы - ниет пен талпыныс.
  • Ораза тек аштықпен шектелмейтінін түсіну маңызды. Бұл - рухани тазару, өз-өзіңді бақылау және ішкі жан дүниеңді дамыту кезеңі. Көптеген адам ораза арқылы жаңа әдет қалыптастырып, өзін жаңа қырынан таниды.
  • Айналаңызда ораза ұстайтын адамдар болса, бірге ұстау жеңіл болады.
  • Әр күніңізді жетістік ретінде қабылдап, өзіңізді мақтап отырыңыз. Ораза ұстау - ерік-жігерді қажет ететін ғибадат, сондықтан кішкентай жеңісіңіз үшін өзіңізді марапаттаңыз.

Сәресіне арналған дұға

"Алланың разылығы үшін Рамазан айының оразасын таң атқаннан күн батқанға дейін ұстауға ниет еттім".

Ауызашар дұғасы

"Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, саған иман келтірдім, саған тәуекел еттім. Берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнәмді кешіре көр!"

Қадір түні, Ораза айт мерекесі қашан?

ҚМДБ мәліметінше, 17 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні, ал 20 наурыз - Ораза айт мерекесі.

Рамазан 2026: қалаларға арналған кесте

Ораза 2026: Астана қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Алматы қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Шымкент қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Ақтөбе қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Ақтау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Атырау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Жезқазған қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Көкшетау қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қарағанды қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қонаев қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қостанай қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Қызылорда қаласына арналған кесте 

Ораза 2026: Орал қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Өскемен қаласына арналған кесте 

Ораза 2026: Павлодар қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Петропавл қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Семей қаласына арналған кесте 

Ораза 2026: Талдықорған қаласына арналған кесте 

Ораза 2026: Тараз қаласына арналған кесте

Ораза 2026: Түркістан қаласына арналған кесте

Тағы да оқи отырыңыз: 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget