Рамазан 2026: биыл пітір садақа мөлшері қанша?

Рамазан 2026: биыл пітір садақа мөлшері қанша?
Фото: depositphotos.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Пітір садақа мөлшері қанша?

Басқарма мәліметіне сүйенсек, пітір садақа - жан басына 735 теңге. 

Пітір садақа дегеніміз не?

Пітір - оразаның қате-кемшіліктерін толтыратын, Құдайға шүкіршілік ету үшін берілетін және кедейлерді қуантатын садақа. Ханафи мәзһабі бойынша Рамазан айында мұсылман адам өзі және отбасы үшін пітір садақа беруі - уәжіп. Пітір садақа 2 келі бидай (ұн, талқан т.б.) не мейізбен немесе 4 келі құрма, арпамен есептеледі.

Қай уақытта беріледі?

Пітір садақа Рамазан айы кіргеннен бастап Ораза айт намазына дейін беріледі. "Уақытында бере алмаған жағдайда кейін берсе де болады, бірақ оның сауабы азаяды", - дейді пәтуа бөлімінің мамандары.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен Рамазан айының кестесі жарияланды. Рамазан айы 19 ақпанда басталады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget