Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді? Бұл сұраққа ҚМДБ өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарыз ораза қалай өтеледі?
"Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді келе жатқан Рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені Алла Тағала Құран Кәрімде: "Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат), басқа күндері қазасын өтесін" дей отырып, қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр. Сондықтан да келесі Рамазан айына дейін өтеу міндет емес. Десек те оразаның қазасын тездетіп келесі оразаға дейін өтеп тастағаныңыз абзал", - деп жазылған хабарламада.
Ораза 2026: алғаш ауыз бекіткенде нені ескеру керек?
2026 жылы Ораза қашан басталады?
2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бірақ пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа ай көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
ҚМДБ
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова