Аллергиясы бар адамдар қалай ауыз бекіткені жөн? Massaget.kz тілшісі ҚМДБ деректеріне сүйене отырып, нұсқаулық жасады.
Аллерголог мамандар аллергияның көп түрі барын айтады. ҚМДБ мәліметінше, олардың кейбірі оразаны бұзатын ауыз, мұрын, тік ішек сынды жолдар арқылы емделеді.
"Бұл жолдар арқылы ішке жеткен нәрселер оразаны бұзады", - деп жазылған мәліметте.
Шариғат және пәтуа бөлімі аллергиясы бар адамдар мына нәрселерді ескергені жөн екенін айтты:
"Аллергияның оразаға тән тұстарының бірі - тыныс алу жолдары бітелгенде мұрын мен тамақ арқылы демікпесіне тамызғы немесе спрей шашу арқылы емделу. Ханафи фиқһында: "Тамызылған дәрі ішке кетпей, мұрында тұрақтап қалатын болса, оразаны бұзбайды" [1] делінген. Сондықтан барынша сақтық танытып, өте аз мөлшерде тамызған жөн. Байқаусызда тамаққа кетіп қалса, Рамазаннан кейін бір күн қазасын өтейді", - деп жазылған мәліметте.
ҚМДБ мәліметінше, тамаққа не мұрынға тамызғы кетіп қалу қаупі болғандықтан, иіскейтін, мұрын мен тамаққа спрей сынды шашатын түрін аздап қолдануға болады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесімен ақылдаса келе биыл Рамазан айы басталатын күнді бекітті.
Ортақ пәтуаға сәйкес қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады.
ҚМДБ мәліметінше, 27 наурызға қараған түн - қасиетті Қадір түні. 30 наурыз - Ораза айт мерекесі.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақа еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!