- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Пісіріп, жеп үлгерген"....
"Пісіріп, жеп үлгерген". Ер адам инфаркттың алдын алу үшін Қызыл кітаптағы келесті аулаған
Фото:
pixabay.com
Өзбекстанның Қашқадария облысында ер адам инфаркттың алдын алу мақсатында Қызыл кітаптағы келесті жеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Ер адам денсаулығын күту мақсатында 30-дан аса келес аулап алған. Ол екі рет "аңшылыққа" шыққан: алдымен 14, артынша 18 келес ұстап алған.
Осылайша браконьер келестерді үйіне әкеліп алған. Ер адам 12 жануарды пісіріп, жеп үлгерген. Ал қалғанын көбейту үшін үйінде "баққан".
Нәтижесінде ер адам үш жылға бас бостандығынан шектелген. Сонымен қатар, ер адам 141,9 миллион сум көлемінде айыппұл төлеген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина