Психологиялық қысым мен омыртқа ауруы. Әйелдер неге кеудені кішірейтеді?

Психологиялық қысым мен омыртқа ауруы. Әйелдер неге кеудені кішірейтеді?
Фото: ru.freepik.com

Кеуденің үлкен өлшемі қоғамда әйелдің тартымдылығын білдіреді. Дегенмен ол әйел баласының барлығына дерлік ұнай бермейді. Психологиялық мәселелерден басқа, үлкен өлшемді кеуде кейде физикалық тұрғыдан да қолайсыз: арқаның ауруы, шаршау, ентігу. Дегенмен, оны кішірейтудің жолдары бар. 

Әйелдердің кеудесін кішірейтетін негізгі себептері:
-  үлкен сүт бездері босанғаннан кейін және лактациядан кейін деформацияланған
-  әйел жасына байланысты сүт безіндегі сыртқы өзгерістер
-  сүт бездерінің гипертрофиясы
-  сүт бездерінің асимметриясы
-  омыртқаға салмақ салу
-  психологиялық қысым, сыртқы көзқарас
-  күнделікті өмірде және спортта физикалық ыңғайсыздық
-  киім таңдаудағы қиындықтар

Кеудені кішірейтпес бұрын, оның себебіне мән беру керек. Оған гормоналды бұзылыстар немесе семіздік себеп болуы мүмкін.  Сондықтан хирургиялық көмекке жүгінбес бұрын дәрігермен кеңесу керек.

Операциясыз кеудені кішірейтетін көмектесетін табиғи әдістер.

1. Диета
Кеуде үш түрлі ұлпадан тұрады:
- безді - сүт шығарады
- май - сүт безінің мөлшерін анықтайды
- дәнекер - безді және майды орнында ұстайды.

Кеуде негізінен май тінінен немесе майдан тұратындықтан, дене майының азаюы кеудені де кішірейтеді. Сонымен, төмен калориялы, бірақ өте қоректік диета жанама түрде кеуде тінін азайтуға көмектеседі. Диетаңызда қоректік, төмен калориялы тағамдар басым болуы керек: жемістер, көкөністер, майлы балық (мысалы, лосось), майсыз ет, тауық еті. Бір килограмм дене салмағын жоғалту кеуде салмағын шамамен 20 граммға кішірейтеді. Сондықтан нәтиже бірден көріңбейді. 

2. Қолайлы кеудеше таңдау
Дұрыс іш киім кеудені визуальды түрдей кішірейте алады. Ашық үлгілерден бас тартуға тырысыңыз, қысқаша топ түрін таңдаңыз. Мұндай модельдер кеудені біркелкі бөліп тұрады. Қосымша артықшылықтар да бар. Олардың арнайы ілінетін аймағы да қалың болатындықтан иықты ауыртпайды. 

Спорт үшін арнайы компрессиялық іш киімді таңдаған дұрыс. Бұл спортпен шұғылданғанда арқаға салмақ түсуден сақтайды.

Маммопластика

Сүт безін азайту операциясы мәселені шешудің ең тиімді жолы. Хирургиялық кеудені азайту сүт бездерінің артық көлемі мен салмағымен орындалады. Гипертрофия (ағзаның шамадан тыс дамуы) туа біткен және жүре пайда болуы мүмкін. Бірінші жағдайда мәселе тұқым қуалайтын факторларда, екіншісінде жүктілік, артық салмақ, ағзадағы метаболикалық және гормоналды бұзылулар сияқты жағдайлар әсер етеді.

Хирургиялық әдіс бәріне қолжетімді емес. Одан бөлек, бірнеше қарсы көрсеткіштер бар.  Қант диабеті және басқа эндокриндік бұзылулар, қан патологиялары, жүрек-тамыр жүйесі мәселелері, сүт бездеріндегі ісіктер, жұқпалы аурулар кезінде жасалмайды.

Сонымен қатар,  редукциялық маммопластика көмегіне жүгінгендердің  5%-ында тыртықтар қалады. Ареола және тіндерінің некрозы - шамамен 3%, іріңдеу / қан кету - 1% -дан аз жағдайда кездеседі.  Операция 18 жасқа толмағандарға, сондай-ақ бір жылдан аз уақыт бұрын лактацияны тоқтатқан жас аналарға жасалмайды. Мамандар егер әйел болашақта балалы болуды жоспарласа, кеудені хирургиялық жолмен кішірейтуге кеңес бермейді.

Т. Есқали