- Негізгі бет
- LifeStyle
- ата-анаға кеңес
Психолог балаларды телефоннан ажыратудың таптырмас жолын атады
![Психолог балаларды телефоннан ажыратудың таптырмас жолын атады](/userdata/news/news_124323/image_l.jpg)
ХХІ ғасыр - гаджетке байланған заман. Техникасыз жүрген адамды елестету мүмкін емес. Кішкентай балалар да телефонға телміріп, көп уақытын сонымен өткізеді. Психолог және Akcion Education сарапшысы Александра Фокина балаларды бұл жаман әдеттен қалай құтқаруға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Психолог егер бала "шынайы" қарым-қатынастан гөрі мультфильмдер көріп, электронды ойындар ойнағанды ұнататын болса, онда ата-аналар баласын интернеттегі шындықтан қайтарудың бірнеше қарапайым әдістерін қолдануы керек екенін атап өтті.
Ең алдымен балаларды гаджеттерсіз өткізген уақыты үшін мақтай беру керек. Олардың шығармашылық қабілеттеріне сүйсініп, жағымды сөздерді аямау керек.
"Баланың не істеп жатқанын сипаттаңыз да: "Қандай керемет, менің балам нағыз суретші екен ғой! Жарайсың, осы бетіңнен тайма!", - деп психолог бірнеше мақтау сөздерді айтуды ұсынды.
Фокинаның айтуынша, балалар көбінесе электронды құрылғыларға өздеріне қызық болғаны үшін ғана емес, ата-анасы үшін сол тыныштық қолайлы болғаны үшін де құмар болады.
"Ойлап көріңізші, егер сіз балаңызбен сөйлесуге мұршаңыз болмай телефон бере салатын болсаңыз, онда кінәні алыстан іздеп керек емес қой. Бала сөйлескісі келеді. Ойнағысы келеді. Тек оған көңіл бөлуге ерініп, гаджет бере салатын болсаңыз, онда бірінші кезекте өзіңізге түзелу керек болады", - деп ескертті сарапшы.
Психолог жас ата-аналарға ерте уақыттан осы нәрселерді қаперде ұстауды ескертті.
"Гаджеттер көбіне эмоция жетіспейтін балаларға қызық болады" деп атап өтті сарапшы. Сондықтан ол әкелер мен аналарға баласына жағымды эмоциялар беруге кеңес берді. Мысалы, онымен ойнау немесе демалыстың жаңа нұсқасын ұсыну.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Литпин