Психиатр Евгений Дикарев депрессияның алғашқы екі белгісін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лента.ру" басылымына сілтеме жасап.
"Ұйқысыздық немесе керісінше, ұйқының қанбауы, сондай-ақ, ешқандай айқын себепсіз тез арықтау не салмақ қосу - көбіне депрессияның, мазасыздықтың, күйінудің алғашқы белгілері", - деп ескертті Дикарев.
Оның түсіндіруінше, егер ми шамадан тыс жүктелсе, ол толыққанды демалыс режиміне өте алмайды. Бұл физикалық тұрғыдан әлсіреуге, соның салдарынан толыққанды мазасыздық-депрессияға әкелуі мүмкін.
Дикарев депрессияның белгісі ретінде үнемі ұйқының қанбауы атады. Егер адам тәулігіне 12-14 сағат ұйықтап, соның өзінде өзін қатты әлсіреп тұрғандай сезінсе, бұл атипиялық депрессияны көрсетуі ықтимал. Мұндай жағдайда ұйқы - қажеттілік емес, қазіргі өмір сүру салтынан қашудың бір түрі.
Психиатр күйзеліс, мұң және мазасыздық тәбетке де әсер ететінін айтты. Оның сөзінше, депрессияның белгілеріне себепсіз салмақ жоғалту да, артық салмақ қосу да жатады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz