Продюсер Гүлнұр Мамасарипова болашақ "күйеубаласы" туралы айтты

Продюсер Гүлнұр Мамасарипова болашақ күйеубаласын қалай елестететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Продюсердің Гүлнұр Мамасарипованың қызы Сара Амангелді "Жар-жар" дейтін жаңа фильмде әнші Тұрар Ыдырыспен бірге ғашықтардың рөлін сомдаған. Мамасариова басты рөлге әншіні қалай таңдағанын айтты.

"Жас қыздар "Тұрар" деген кезде "Қой, ол әнші ғой, ол ойнай алмайды" дегем. Сол кезде "Ол клип түсірген кезде сол түсірілім тобында жұмыс істедік, оның қабілеті бар, көрсеңізші" деп айтты. Сосын "Жарайды" деп, көпшіліктің дауысымен Тұрарға хабарластым", - деді Гүлнұр Мамасарипова.

Осы фильмнің түсірілімі кезінде Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыстың видеолары Желіде біраз шулатты. Журналист продюсерден "Сізден Сараның анасы ретінде сұрайыншы, осы Тұрар сияқты жігіттің күйеубалаңыз болғанын қалар ма едіңіз?" деп сұрады.

"Сізге бір қызық айтайын ба? Мен осы күйеубалаларымды дым елестете алмайды екенмін", - деп жауап берді продюсер.

Тұрар Ыдырыстың өзі де TikTok-та тарап кеткен Сара Амангелді екеуінің видеоларын көргенін айтты.

"Иә, оқыдым. Күшті ғой. Егер солай айтып жатса, демек рөлге беріп, сендіргеніміз деп білемін. Химия, биология, физика - бәрі бар. Досым ғой. Айта бермеңіздерші осы. Сіздер саласыздар ғой, сосын жұрттар TikTok-қа қырқып алып салады да, "Ойбай, мынауың өзінше боп тұр ғой, "Сара саған қарай ма екен?" деп жазады. Сондықтан маған бәрібір", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!