Өткен күндерде жіберілген қателер міндетті түрде болашаққа әсер етеді, бірақ оны оң бағытта пайдалана ала білу де талант. Біз бұл мақалада жастықпен жіберілген қателерге не себепті өкінбеу керегін айтамыз. Өйткені олар болашақта сіз ойлағаннан да көп пайда әкелуі мүмкін.
Жұмыс орнын жиі ауыстыру
Жас кезімізде өзімізді енді ғана тани бастаймыз. Дәл осы уақытта адамдар өздеріне рахат әкелмейтін жұмысты оңай тастап кетеді. Әрине, еңбек кітапшасындағы жазбалар кезекті жұмыс берушілердің оң көзқарасын тудырмауы мүмкін, бірақ бұған өкінбеу керек.
Хатшы, ранер, тіпті жүзу нұсқаушысы болып жұмыс істей алдыңыз ба? Онда сіз өзіңізді жан-жақты адам деп қабылдаңыз. Жаңа жұмыс орнында не қажет болатыны белгісіз, бірақ кез келген тәжірибе міндетті түрде пайдалы болады. Кем дегенде, түрлі адамдармен тіл табыса білу және өзіңіз үшін әдеттен тыс жағдайда жұмыс істеу - сіздің тұлғалық қалыптасуыңызға үлкен көмек. Өзгерістер мен жаңа ортадан қорықпайтын мұндай құнды кадрлар әрқашанда алтынмен барабар.
Сөзге келген, ренжіскен сәттер
Әдетте, жастар өз көзқарасын айта салудан қорықпайды. Сол себепті олар дауға оңай қалады. Өсе келе көпшілігіміз бір кездері болған нәрселерге және әрекеттерге өкіне бастаймыз. Бірақ өз көзқарасын қорғай білу өкінішке себеп бола ма? Әрине, бәрі де нақты жағдайларға байланысты, қарабайыр дау-дамай ешкімнің де сәнін келтірмейтіні анық.
Даулы жағдайлар адамдарды қарсылас етсе де, өздерін қорғауға үйретеді. Мұндай нәрселер құрметке лайық, бірақ кінәлаудан аулақ болыңыз.
Сондықтан әлсіздік немесе ақымақтық үшін өзіңізді сөгіп, бұрынғы қателіктерге оралудың мағынасы жоқ. Өткен сәтсіздіктер қазіргі уақытта дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.
«Қажетсіз» диплом не білім
Алдымен ойыншықтар дүкенінде сатушы болып жұмыс істегіміз келеді, содан кейін дизайнер болуды армандаймыз, нәтижесінде бірден менеджер және оператор деген сияқты өзіміз де түсінбейтін екі диплом аламыз. Он жылдан кейін көптеген адамдар ұйқысыз түндер мен лекция залдарында өткен уақытына өкіне бастайды. «Мұның бәрі не үшін қажет болды?» – деп ойлаймыз. Өзіңізге инвестиция салғаныңызға ешқашан өкінбеңіз! Ертең қайда болатынымызды, болашақ өміріміз қалай болатынын ешкім білмейді.
Егер сіз әлі алған біліміңізді іс жүзінде қолданбаған болсаңыз да, еш өкінбеңіз. Білім артық емес, ол біздің дамуымызға серпін. Ол қазір болмаса да, жақын арада пайдалы болуы әбден мүмкін.
Ақшаны сауатсыз шашу
Біздің өмірімізде қарыз сұрайтын адамдардың бәрі адал бола бермейді. Бұл тіпті жақын достар мен жақсы таныстарға да қатысты. Өкінішке орай, кей адамдардың болмысы біршама уақыттан кейін ғана ашылады.
Өз қателерінен сабақ алып, біреуге қарыз беруді тоқтатудың өзі сол қателіктің нәтиже бергені.
Тым биік амбициялар
Өршіл адам болу мүлде жаман емес. Керісінше, белгілі бір мақсатқа ұмтылу адамдарды табанды етеді. Міне, осылайша шыдамды болып, қиындықтарды жеңу әдеті қалыптасады. Арманға жету жолында сіздің көзқарасты қабылдай алмайтын жақын адамнан айырылып қалуымыз мүмкін. Бірақ бұл жерде жақсы достар мен адал сүйгеніміз бізге міндетті түрде сенетінін түсіну маңызды.
Сәтсіз сезім
Әркім "өз адамын" табуы үшін де өзінің қандай адаммен жараспайтынын ұғуы керек. Ғашық боп кейін жолы екі айырылғандардың сезімі махаббат стадиясына өте алмаған, сын көтермеген болуы мүмкін. Қалай болғанда да, кім-кім де бақытты болуға лайық. Мәңгілік махаббатын жолықтырғандардың бір-бірін бағалауы да осы қателік арқылы келеді.
Сырт келбетімен тәжірибе жасау
Жастықпен өзіне жараспайтын шаш үлгісін жасап, тату салдырып, кейін суреттерден көргенде ұялып, өкінетіндер бар. Бұл әр адам өтуі керек жол. Жоқ дегенде, сізге жасыл шаш жараспайтынын ұғасыз. Бұл қателік ішкі жандүниені сырт бейне арқылы білдіруге үйретеді. Стиль қалыптасып, тұлғалық ерекшеліктеріңіз айқындала түседі.