Қазақстан туына ұқсас аспан көрінісі әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр. Видео миллиондаған қаралым жинап, жүздеген мың адам лүпіл басқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерекше табиғат құбылысын Павлодар облысы Майқайың ауылының тұрғыны Мұнара есімді әйел түсіріп алған. 20 мамыр күні ол аспандағы бұлт пен күн сәулесінің бейнесі Қазақстанның мемлекеттік туына ұқсап тұрғанын байқаған.
"Балалар, қараңыздаршы, аспанда нағыз Қазақстан туы тұр! Міне, қараңыздар, қыран мен күн көрініп тұр. Бүгін біздің туымыз аспанда", — дейді видео авторы.
@manarasoldier2♬ оригинальный звук - Kazakhstan 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!