- Негізгі бет
- LifeStyle
- Патшайымның қос келіні...
Патшайымның қос келіні татуласқаны рас па?
Чарльз III патша таққа енді ғана отырса да, орасан зор жұмыс атқарды.
Жаңа монарх үлкен ұлы Уильяммен сөйлесіп, оған «ханзада Гарри мен оның әйелімен отбасылық жанжалды реттеуді» қатаң бұйырған. Әкесінің сөзінен кейін Уэльстің жаңа ханзадасының інісіне телефон соғудан басқа амалы қалмады. Times газетінің хабарлауынша, Гарри мен Уильям телефонмен 45 минут сөйлескен, содан кейін Уильям бауырын Виндзор сарайында сүйікті әжесі Елизаветаны бірге еске алу үшін патшалық шеруіне қосылуға шақырған.
А. Оралқызы