krisha.kz сарапшылары пәтер сатып алғанда неге сақ болу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сарапшылар үй сатып алу кезінде ерекше назар аудару керек алты маңызды факторды айтты:
1. Сатушы меншік иесі болмаса
Ең дұрысы, сату туралы келіссөздер жүргізетін адам заңды түрде тұрғын үй иесі болуы керек. Алайда кейде меншік иесі бұл келіссөздерге қатыспайды, ал оның атынан сенімхат негізінде делдал әрекет етеді. Заңгерлердің айтуынша, мұндай мәмілелерге әдеттегіден гөрі мұқият қарау керек.
Сенімхатты тексеріңіз. Онда берілген күні мен жарамдылық мерзімі болуы керек. Күні болмаған жағдайда құжат жарамсыз, ал мерзімі үш жылдан аспауы мүмкін. Егер ол көрсетілмесе, сенімхат тек бір жылға жарауы мүмкін. Меншік иесіне хабарласыңыз және оның үйді шынымен сататынына көз жеткізіңіз. Меншік иесімен келіссөздерді және оның сатуға келісімін видеоға түсіріп алыңыз.
2. Құжаттары дұрыс емес болса
Сатушының барлық ауызша мәлімдемесі құжатпен расталуы керек. Сондықтан мына құжаттарды тексеріңіз:
Барлық құжаттағы ақпаратты тексеріңіз, ол сәйкес келуі керек. Егер сатушы некеде болса, мәміле кезінде оның жұбайының қатысуы мен нотариус арқылы келісімі қажет болады.
3. Үй иелері жиі өзгерген жағдайда
Бұл жағдай үй иелері несие берушілер алдындағы материалдық жауапкершіліктен бас тартқысы келгенде, туыстарына, достарына бірнеше рет бергенде, сатқанда болады.
Не істеу керек?
Көршілермен сөйлесіңіз немесе кейінгі бес–он жылдағы сот кабинетінде (сот актілері банкі) меншік иесіне қатысты істер бар-жоғын тексеріңіз, сатушы сенімсіз болса, мәміледен бас тартыңыз.
4. Меншік иесіне тұрғын үй сыйға тартылған немесе мұраға қалдырылған жағдай
Егер тұрғын үй иесіне сыйға тарту немесе мұрагерлік арқылы берілсе, онда басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтірілмегенін, олардан шағым жоқ екенін анықтау керек.
Сот кеңсесін тексеріп, көршілермен сөйлесіңіз. Кейде кейінірек зардап шеккеннен гөрі күмәнді мәміледен бас тартқан дұрыс екенін есте ұстаған жөн.
5. Депозит дұрыс рәсімделмеген жағдайда
Көбіне депозиттік келісімде нысанның бағасында қате жіберіледі немесе оны валюта арқылы көрсетеді. Бұл дұрыс емес. ҚР заңнамасы бойынша құжаттардағы барлық сома теңгемен болуы тиіс.
Депозит туралы келісімді дұрыс рәсімдеңіз: жазбаша түрде екі данада. Мына нәрселерді жазуды ұмытпаңыз:
6. Сатушы сатып алу-сату шартындағы бағаны төмендетуді сұраған жағдайда
Сатушы әдетте сату кезінде салық төлемеу үшін кірісті жасырғысы келгенде осылай істейді. Бағаны төмендету - сатып алушы үшін қауіп. Егер мәміле жарамсыз деп танылса, ол ақшаның бір бөлігін жоғалтуы мүмкін.
Сатып алу-сату шартында тек тұрғын үйдің нақты бағасын талап етіңіз және солай көрсетіңіз немесе тәуекелге бармас үшін мәміледен бас тартыңыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз