Пәтер жалдайтындарға құлаққағыс: полиция үйлерді аралап жүргені рас па?

Пәтер жалдайтындарға құлаққағыс: полиция үйлерді аралап жүргені рас па?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, оның мақсаты - қауіпсіздікті арттыру және жергілікті жердегі мәселелерді анықтау.

Тұрғын үйлерді аралау барысында полиция қызметкерлері мына жайттарға назар аударады:

  • сотталған немесе профилактикалық есепте тұрғандарға;
  • есепте тұрған отбасылардағы балалардың тұрмыс жағдайына;
  • қару сақтау ережелері сақталуына;
  • пәтер жалдаушылар мен уақытша тұрып жатқан адамдардың тіркеуіне;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылық, маскүнемдік пен есірткіге тәуелділік деректеріне.

Еске салайық, бұған дейін WhatsApp-та өздерін полиция өкілдері деп таныстыратын адамдар үйлерді аралап жүргені туралы ақпарат тарады. Алайда ІІМ бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget