Кейде сезімге беріліп, өзімізге жаман сөздер айтамыз. Алайда өзіміз жайлы жаман нәрсе айтқан сайын өмірімізде проблема да көбейеді. Көңіл күйіңіз түседі және жалпы эмоциялық жағдайыңыз нашарлайды. Сондықтан мына сөздерді өзіңізге ешқашан айтпаңыз.
"Мен әдемі емеспін"
Көп жағдайда әйелдер өзі туралы бұл сөзді шынайы айтпайды. Бірақ жай айтсаңыз да, ол сізде комплекстердің пайда болуына әсер етуі мүмкін. Сұлулық түсінігі әркім үшін әрқалай. Егер сізге өзіңіз "объективті түрде әдемі емес" секілді көрінсеңіз, бұл жағымсыз пікірмен жұмыс істеп, өзіңізге басқа қырынан қарап көру керек. Өзіңіздің мықты тұстарыңызбен жұмыс істеңіз және харизмаңызды дамытыңыз.
"Мен семізбін"
Бұл сөзді әйелдер әртүрлі мақсатта айтады. Біреулер шынымен семіріп кеттім деп ойлайды да, басқалардың растағанын күтеді. Тағы біреулер өздерінің семіз екеніне шын сенеді және өіне қандай да бір шектеулер қояды (мысалы, киім таңдау кезінде), ал басқалары адамдардың оған олай емес екенін айтқанын қалайды. Алайда бұл жағдайлардың ешбіреуінде мұндай сөзді айтпаған дұрыс.
Егер сізде артық салмақ бар деп ойласаңыз, сізге басқа адамның ойы керек емес: тек өз сезімдеріңізді тыңдап, тамақтануға өзгеріс енгізу жайлы шешімді өзіңіз қабылдаңыз.
"Жолым болмайды"
Көпшілік сәтті кездесу, керемет ұсыныс және т.б нәрселерді армандайды. Алайда адамдар армандарының орындалуына күш салуға әркез дайын бола бермейді. Өмірдегі проблемаларды жолы болмаушылықпен байланыстырады. Сөздерді іске айналдырыңыз, сол кезде өміріңздің өзгеріп бастағанын байқайсыз.
"Мен ақымақпын"
Бір қызығы, бұл сөзді көбіне ақылды адамдар айтады. Әрбір адамның өмірінде қателіктер мен сәтсіздіктер болады, бастысы - берілмей, жағымсыз тәжірибеден өзіңізге қажет нәрсені ала білу.
"Мен бақытсызбын"
Бұл сөзді айтқанда негативке зейін қоясыз да, оны одан сайын өзіңізге тартасыз. Өмірге қанағаттанбайсыз, ашуланшақ болып кетесіз. Бұл сіздің ішкі жағдайыңызды нашарлатып қана қоймай, айналаңыздағыларға да әсер етеді.