Өзіңізді ешкімге керек емес сезінсеңіз, не істеу керек?

Кейде қандай да бір қызықты оқиғадан тыс қалсаңыз, белгілі бір ортада өзіңізді артық сезінуіңіз мүмкін. Мұндай жағдай сирек болса, онда тұрған ештеңе жоқ. Бірақ өзіңізді ұзақ уақыттан бері ешкімге қажет емес сезініп жүрсеңіз, бұл қауіпті проблемаға айналуы мүмкін. Бұл сезімнен қалай арылуға болады?

Жаңа хобби табыңыз

Өзін қажет емес санау сезімі жиі жақын досымен ұрысып қалған немесе жақында серігімен айырылысқан адамдарда пайда болады. Қарым-қатынастағы сәтсіздіктер өмірдің барлық саласына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Жақын адамыңызбен алшақтап кеткен кезде өмірдің мәнін жоғалтқандай күйде боласыз. Соның салдарынан бұл жағдайды өткеру қиын болады. Егер осындай жағдайға тап болғаныңызды түсінсеңіз және біреуден айырылысуды ауыр қабылдасаңыз, жаңа нәрсемен шұғылданып көріңіз. Ол қандай да бір әуестік, жұмыс немесе дұрыс әдет болуы мүмкін. Ол сізге ұнайтын кез келген іс болуы мүмкін. Сондай-ақ бұрын айналысып көрмеген жаңа хобби таңдауға болады.

Бастама білдіріңіз

Балалық шақта біз басқа адамдардың көмегіне жүгінеміз. Ал ересек кезде өмірлік қиындықтарды өзіміз өткере аламыз, десе де біз әлі де айналадағылардың махаббатын қажет етеміз.

Өзін ешкімге қажет емес сезініп жүрген адамдарға бастаманы өз қолыңызға алуға кеңес береміз. Мысалы, достарыңызға қолдау көрсетіңіз, көрші тұратын қарт кісілерге көмектесіңіз немесе жануарлар үйіне барыңыз. Біреуге көмектескеннен өзіңізді бақыттырақ сезінесіз. Бастысы – өз мүмкіндігіңіздің шегін түсіну және өзіңізге зиян келтіретін ештеңе жасамау.

Балалық кезде алған травмамен жұмыс істеңіз

Өзін қажет емес санау сезімі тек ересек кезде емес, балалық шақта да пайда болуы мүмкін. Мысалы, баланың ата-анасы жұмыстан немесе қарым-қатынасты анықтаудан қолдары босамағандықтан, оған жеткілікті уақыт бөлмеді. Бұл жағдайда бала махаббатты алудың жалғыз жолы – оларды толық тыңдау және басқалардың қажеттеліктерін қанағаттандыру үшін өз сезімдеріне мән бермеу деп ойлауы мүмкін. Мұндай адамдар бақытсыз болып өсуі мүмкін. Олар өздерін құрметке және махаббатқа бөленуге лайықсыз санайды.

Балалық шақта алған травмадан арылу үшін өз-өзіңізбен жұмыс жасаңыз және триггерлерге басқаша әсер беруді үйреніңіз. Маман көмегіне жүгінуге де болады.

Жақындарыңыздан көмек сұраңыз

Адамдардың өздерін қажетсіз сезінуінің тағы бір себебі – оның жақындарымен эмоционалдық байланысының аз болуы. Қазір бұл проблема кең таралып жатыр, себебі адамдар уақыты мен назарын жұмысқа және басқа да міндеттерге арнайды. Ол бұл олардың күші мен энергиясын алады.

Егер өзіңізді қажетсіз сезінуіңіз жақын адамдарыңыздың назары жетіспеуінен екенін түсінсеңіз, өз сезімдеріңіз жайлы оларға ашық айтыңыз. Сіздің сөздеріңіз оған талап ретінде естілмеуі керек.

Өзіңіз жайлы жаман ойлауды доғарыңыз

Бұл сезім әдетте өзін жақсы көрмейтін және өзін жақсы нәрселерге лайықсыз санайтын адамдарда пайда болады. Өз-өзіңізді бағалауыңызбен жұмыс істеңіз, алдымен өзіңізді жақсы көріп үйреніңіз, сол кезде басқалардың да сізге деген көзқарасы өзгере бастағанын байқайсыз.

Бас тартуды қабылдап үйреніңіз

Кей адамдар біреудің оның өтінішінен бас тартуын ауыр қабылдайды. Ол бұл нәрсені жағымсыз жағдай деп санайды, сол үшін ағза күйзеліс гормоны – кортизолды өте көп бөле бастайды. Соның салдарынан өзіңізді әлсіз сезінесіз.

Біреу сіздің өтінішіңізді қабылдамаса, бұл сіздің ешкімге қажет емес екеніңізді білдірмейді. Адамдардың "жоқ" деуі қалыпты екенін, ода тұрған ештеңе жоқ екенін түсініңіз. Проблеманы шешудің басқа жолдарын қарастырыңыз.

Есейіңіз

Өзіңізді ересек адам сезіну үшін ақша тауып бастау жеткіліксіз. Бұл жерде айналадағыларға қалай қарайтыныңыз маңызды рөл атқарады. Кез келген адамның өмірінде қиын кезеңдер болатынын және бұл қалыпты екенін қабылдаңыз. Қазір өміріңізде сізге қолдау беретін немесе сіздің көмегіңізді қажет ететін адам болмаса, бұл өз қажеттеліктеріңізге мән беретін кез деп қараңыз және жалғыздықтың арықтышылықтарын пайдаланыңыз.

Оқи отырыңыз: Өзіңізге мына сөздерді ешқашан айтпаңыз