- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Өзінің мүмкіндігі шектеулі,...
"Өзінің мүмкіндігі шектеулі, ал жолдасының көзінде ақауы бар". Қара бетперде киген жұмбақ жігіт мешітте тұратын отбасыға үй сыйлады
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт мешітте жалдамалы бөлмеде тұратын отбасыға үй сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Екі баласы бар толық отбасы. Әкесінде оң жақ санның жаңа артрозы, 3-ші деңгейлі оң жақ диспластикалық коксаартроз. Ал анасының көрумен проблемасы бар: "-7", "-8". Мешітте жалдамалы бөлмеде тұрады.
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт бұған дейін оның әйелінің көзіне ота жасатып беретінін айтып, ал өзіне көлік сыйлаған болатын.
"Бауырымыздың өзінің мүмкіндігі шектеулі, ал жолдасының көзінде ақауы бар. Осы жолы біз бұл отбасыны баспанамен қуантамыз", - дейді қара бетперде киген жұмбақ жігіт.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол жігіттен көлік жайлы сұрайды.
"Иә, айдап жүрмін. Бала-шағамен ауыл арасында шаруалармен жүреміз. Орындықты өзіме ыңғайлатып аламын", - дейді ол.
Өткен жолы жігіттің арманын сұраған кезде ол салиқалы ұрпақ тәрбиелегісі келетінін айтқан болатын. Қара бетперде киген жұмбақ жігіт "салиқалы ұрпақты жаңа үйіңізде өсіресіз" деді де, оған жаңа баспананың кілтін ұсынды.
А. Жапатова