Актриса Әсел Сәдуақасова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында тойдан кейін болған сұмдық жайт жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса тойдан кейін әлеуметтік желіден не үшін жоғалып кеткенін айтты.
"Күйзелісте болдым. Маған қиын болса да, бүгін сол жайлы айтып беремін. Бұл көптеген әйелдерге көмектесуі мүмкін. Себебі бұдан ешкім сақтандырылмаған. Негізінде сәуірдің соңында 10 күннен кейін біз Қазақстанға ұшуымыз керек болған. Біз ол кезде үйленуді ойламадық, бірден бірге тұрамыз деп ойлап жүрдік. Содан соң мен аяғым ауыр екенін білемін. Бір жағынан біз қуандық, екінші жағынан шокта болдық. Бірақ жылдам бейімделдік. Қазақстанға оралдық, ата-аналарымызбен кездестік. Жаңалықты оларға да айттық. Әңгіме барысында олар үйленіңдер деді. Біз бір-бірімізді жақсы көретінімізді білеміз, содан көрейік дедік. Содан ары қарай той болды. Иә, әрине жүктілік шешімге жылдам келуімізге әсер еткені рас. Негізінде мен бұл жайлы кейін уақыты келгенде барлығына айтамын деп жүрдім. Біреулер бала көтеріп қалып тұрмысқа шықты деуі мүмкін. Мен бұл нәрселерге мән бермеймін. Тіпті, біз той жасамай, бірге тұрып, мен бала тусам, ода тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын, біз заманауи әлемде өмір сүріп жатырмыз. Кімге қалай ыңғайлы, солай өмір сүреді, бастысы жұп үйлесімді болуы керек", - деді актриса.
Жүктіліктің жиырмасыншы аптасында дәрігерлер балада өзгерістер болып жатқанын айтқан.
"Бірақ біз той жасауды шештік, үйлендік. Шынымен де мен өмір бойы армандаған той болды. Тіпті, мен ойлағаннан да керемет болды. Мен бұған дейін де айттым, тойдан кейін біздің арамызда дағдарыс басталды. Ұрыстық, бөлек тұра тұруды ұсындым. Себебі мен бұл балаға жағымсыз әсер етеді деп ойладым. Бұл сәтте мен өз-өзіме ұқсамаған сияқтымын. Өте сезімтал болдым. Мен ұсақ-түйек үшін жылайтынмын. Біз қарым-қатынасты қалпына келтіре бастағанда бәрі жақсы бола бастады, біз бірге көп уақыт өткізе бастадық. Екі аптадан кейін жүктіліктің жиырмасыншы аптасында екінші скрининг болуы керек болды. Осы екінші скринингте балада қандай да бір өзгерістер бар екенін айта бастады. Бұл кезде мен мең-зең болып жүрдім. Тіпті, қазір сол күндерді анық еске түсіре алмаймын. Содан соң дәрігерлермен ақылдасып, медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілікті тоқтату шешімін қабылдадық. Мен шокта болдым, не болып жатқанын түсінбедім. Содан соң мені ауруханаға жатқызды. Бұл сәт бізді (Мағжан екеумізді) қатты жақындастырды", - дейді ол.
Әсел Сәдуақасова бұл сәтте өзін кінәлі сезінгенін айтты.
"Сол сәтте менде кінә сезімі пайда болды. Мен кінәлі шығармын, бірдеңе істеп қойдым немесе бірдеңені дұрыс істемедім деп ойладым. Бұл жайлы құрбыларым білгенде олардың "бізде де солай болды" деген сөздері маған қатты көмектесті. "Мұндай жағдай болады" деген сөз менің жаныма шипа болды. Мен таңғалдым, бұл жайлы айта бермейді ғой. Мен оған дейін мұндай жағдай тек менің басымнан өтіп жатыр, менде бірдеңе дұрыс емес деп ойладым. Жүктілік жақсы өтті, менде тіпті токсикоз болған жоқ. Мұндай кездері әйелдер өздерін кінәлайды, ұялады. Бірақ бұлай болатынын түсіну маңызды. Мен генетик мамандармен сөйлестім, не үшін олай болғанын сұрадым. Олар "біз білмейміз, біз тіпті ол қай кезеңде басталғанын білмейміз" деді. Бұл әлі де зерттелмеген тақырып. Бұл көптеген әйелде кездесетін жағдай", - деді актриса.
Айта кетейік, бұған дейін актриса Әсел Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз.
"Ең жомарт достар". Қонақтар Әсел Сәдуақасова мен Мағжан Тілеуханның үйлену тойына не сыйлады?