- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Өзіне қол салған"....
"Өзіне қол салған". Мырзатай Жолдасбеков жазушы Ақселеу Сейдімбектің жұмбақ өлімі туралы айтты
Ғалым Мырзатай Жоласбеков AIQYN YouTube-арнасына берген сұхбатында жазушы, зерттеуші Ақселеу Сейдімбектің қазасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымның сөзінше, бұл қаза - бүкіл қазақтың басына түскен ауыр қайғы.
"Ақселеу Марғұланнан кейін кіші Марғұлан деймін. Ақселеу қайтыс болғанда, қабырғам қаусады. Еуразия университетіне ректор болып келгенде, ең бірінші сәлем берген - Ақселеу. "Қайда жүрсің" десем, "Президент мәдениет орталығында" деді. Журналистика кафедрасына бастық қылып қойдым. Ақселеу Қойшығара екеуі үнемі қасымда жүрді. Бір сәт қасымнан қалдырған емеспін. Әттең, Ақселеу. Әттең, Ақселеуім. Ауруханаға барып, қаралып жатыр едім, Иманғали звондады. "Мырзеке, сұмдық болып жатыр. Ахаң қайтыс болды" дейді. Тастай салып келдім. Несіпбек екеуі жайғастырып қойыпты. Үйінде жалғыз болған. Өзіне қол салған. Мылтықпен ауызға салып, тас талқанын шығарып атып жіберген. Неден болды, қалай болды, бұл жағын білмеймін. Сондай опынатындай ештеңе жоқ сияқты еді. Қайда барса, ел сыйлайтын Ақселеу еді. Кейінгі кезде қазақтың басына қонған үлкен қайғы деп ойлаймын", - дейді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова