Танымал жазушы Дулат Исабеков Заманбек Нұрқаділов пен Алтынбек Сәрсенбаев туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Адал адам" Youtube-арнасына берген сұхбатында бөлісті.
"Алғаш кезде Алтынбек Сәрсенбаевты жұрт "серый кардинал" деді. "Назарбаевтың оң қолы, рупор" деді. Алтынбек сондай сынға ұшырады. Олар отбасылық дос болды ғой. Бірте-бірте Назарбаевтың мемлекет басқарудағы саясатына Алтынбектің көзі жетті, сосын ажырай бастады. Кейін сынай бастады, сосын қарсы келді. Оны Назарбаев кешіре алмады. Ал Нұрқаділов сәл асқыныңқырап кетті. Ол тік сөйлеп, дебатқа шақырды. Ақ костюмін киіп, Нұрқаділов шықты. Бірақ Назарбаев онымен айтысып отыра ма, бара қоймайды ғой. Содан кейін қатты қарсылық танытты. Мінезі де ұрмалы еді ғой. Сол мінезі де себеп болды. Айтып қалады, Президент екенін ұмытып кетеді. Президент қолында күш бар, ал ол қатардағы қызметші. Солай Нұрқаділов те, Сәрсенбаев та өзіне қатты сеніп кетті. Көкірегін, мінезін көрсетті. "Мен одан кем емеспін" дегенді ашық айтты", - дейді жазушы.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз